- Advertisement -

     «Меркі» шипажайы қызметкерлерінің жалақысы  1 маусымнан бастап 15 пайызға  көтерілгені жөнінде  сүйінші хабар жетті. Шипажай директоры   А.Сүлейменов  бұл жағымды жаңалықты ұжымның жиналысында жария етіп, еңбек адамдарының көңілін бір көтеріп тастады.

37

- Advertisement -

Қазақстан  Кәсіподақтары федерациясы  еңбек адамдарының жалақысын көтеру жөнінде табанды жұмыс жүргізіп келеді. Осыдан үш ай бұрын Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайында еңбек ететін көп балалы және жалғыз басты аналардың еңбекақысы  көбейіп, әлеуметтік жағдайлары жақсарған болатын.  Бұған да дәнекер болған – кәсіподақ. Енді осы игілікті іс Түркістан облысының «Манкент» шипажайында жалғасын тапты.

-Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көп балалы аналарға әлеуметтік көмектің барлық түрін қарастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Мұны еңбек ұжымдары арқылы шешуге елімізде мүмкіндік бар. Мәселен, біз төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбекақыларын көтеру, көпбалалы аналарға жәрдемақы төлеу, өмірге келген әрбір сәбидің ата-анасына материалдық көмек көрсету мәселелерін  ұдайы көтеріп келеміз. Бұл өзекті мәселе ұжымдық шартта көрініс табуы тиіс. «Манкент» шипажайының басшылығы да осындай қадамға барып, ұжымда еңбек ететін көп балалы аналарды ерекше қуанышқа бөледі. «Меркі» шипажайының да басшылығы еңбек адамдарының жалақысын 15 пайызға көтеру жөнінде шешім қабылдап отыр. Осы шарапатты іс республиканың басқа да еңбек ұжымдарында жалғасады деген ойдамыз, — дейді Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы Төрағасының орынбасары С.Дәулеталин.

— Шипажайда барлығы 230 адам еңбек етеді. Ең төменгі еңбекақы 59 300 теңге. Енді оны 15 пайызға көтеруге шешім қабылдадық. Сонымен бірге көпбалалы аналарға жылына екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төлеу мен ұжым мүшелерінің отбасында дүниеге келген сәбиге бір айлық еңбекақы  көлемінде көмек көрсетуді ұжымдық шартқа енгіздік, — дейді «Манкент» шипажайының Бас директоры Хамрақұл Азатұлы Құрбанов.

                                                                             Ғалым Орынбасарұлы

  Нұр-Сұлтан қаласы.

     

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support