- Advertisement -

11 килограмнан астам марихуана тәркіленді

30

- Advertisement -

Өңірлік полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын ірі мөлшерде сақтаудың кезекті фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары Шу ауданында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатады. Жеңіл көлікті тінту барысында жүк салғыштан жолаушыға тиесілі жалпы салмағы 11 килограмм 760 грамм тартатын «кептірілген марихуана» есірткі заты салынған қара полиэтилен пакет табылған.

– Күдікті Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны. Бүгінде ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.

 

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support